Оңтүстік Африка Республикасында пойыз апатынан 620 адам жараланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Африка Республикасында пойыз апатынан 620 адам жараланды

09.01.2019

Оңтүстік Африка Республикасында пойыз апатынан жараланғандар саны 620-ға жетті. Тағы үш адам қаза тапқан. Зардап шеккендерге дереу медициналық көмек көрсетілді. Олардың арасында бірнешеуі ауыр халде жатыр.

Екі пойыз ел астанасы Преторияда сейсенбі күні соқтығысты. Апат кезінде пойыздардың біреуінде 800-дей адам болған. Оқиғаға не себеп болғаны әзірге белгісіз. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу