Сириядағы АҚШ әскері дереу кетпейтін болды. Пентагон жауынгерлері күрд отрядтарын қорғау үшін Араб Республикасында белгісіз уақытқа қалмақ. Мұны президент Дональд Трамп мәлімдеді. Ақ үй басшысы осылайша өткен айдағы сөзін жоққа шығарып отыр. Желтоқсанда Трамп «ДАИШ» талқандалды, сарбаздарымыз Сириядан қазірдің өзінде оралып жатыр», деп айтқан-ды. Алайда, оның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джон Болтонның сөзінше, Вашингтон енді «ДАИШ»-тың толық жойылғанына көз жеткізгісі келеді. Сонымен қатар, Құрама Штаттар Түркиядан Сирияның солтүстігіндегі күрдтердің қауіпсіздігіне кепілдік беруді сұрап отыр.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.