АҚШ-та президент Дональд Трампты сынаушылардың бірі, Демократиялық партия ардагері Нэнси Пелоси Конгрестің өкілдер палатасының спикері болып тағы сайланды. Бұл лауазым маңызы жағынан президент пен вице-президенттен кейінгі үшінші орында тұр.
Оның кандидатурасын 431 конгресменнің 220-сы қолдаған. Ал, республикалық үміткер Кевин Маккартиге 192 адам дауыс берді.
Қарашада өткен сайлауда Конгрестің төменгі палатасы демократтардың қолына өтті. Сенат республикалықтардың бақылауында қалды.
78 жастағы Пелоси 2007 жылы АҚШ тарихында өкілдер палатасының тұңғыш әйел спикері атанғанды. Бүгінгі мәлімдемесінде ол қаржыландырылмағаны үшін 13 күннен бері жартылай жабық тұрған федералдық үкіметтің жұмысын қайта жандандыруға уәде берді. Нэнси Пелоси Трамп пен оның әкімшілігінің соңғы екі жылдағы әрекеттерін тергеуге шақырып отыр.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.