Италияда әйгілі Этна жанартауы оянып, айналасына от пен күл шашып жатыр. Оның қызыл шоғы түнгі аспанды жарықтандырып, түтіндеген лава өзен суы тәрізді таудан төмен аққан. Ал, дүйсенбіден бері Этнаны 130-дан астам дүмпу теңселткен екен. Олардың ең қуаттысы 4 баллға жетті. Биіктігі 3330 метр болатын әйгілі вулкан жылына бірнеше мәрте белсенділік танытады. Соңғы рет ол 1992 жылы қатты атқылаған екен.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.