Үндістанда Johnson&Johnson компаниясы шығарған ұнтақтар тексеріліп жатыр. Тиісті органдар оның сынамасын алған. Бұған америкалық компанияның балаларға арналған сеппесінде рак ауруына шалдықтыратын асбесттің барын жасырып келді деген ақпараттың тарауы түрткі болды. «Рейтердің» хабарлауынша, Johnson&Johnson бұл қауіпті ондаған жылдар бойы құпия ұстап келген. Дегенмен, компания болса, өзі шығаратын косметикалық ұнтақтың зиянсыз екенін және мұны зерттеулер дәлелдегенін алға тартып отыр.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.