АҚШ сенаты Сауд Арабиясы ханзадасын айыптап отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ сенаты Сауд Арабиясы ханзадасын айыптап отыр

14.12.2018

АҚШ сенаты Сауд Арабиясына Йемендегі жанжалда әскери көмек көрсетуді тоқтатуға дауыс берді. Бұған журналист Джамаль Хашоггидің қазасы түрткі болған. Заң шығарушылар қабылдаған қарарда марқұмның өліміне Саудияның тақ мұрагері ханзада Мұхаммед ибн Салман әл-Сауд жауапты делінген. 

Тағы бір құжатта депутаттар АҚШ президентін Йемендегі америкалық жауынгерлерді шығаруға үндейді.  Дегенмен, бұл қарар кеңес беру сипатына ие болғандықтан, оны Дональд Трамптың қабылдамай тастауға мүмкіндігі бар.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу