Қытайдың Харбин қаласында дәстүрлі мұз фестиваліне қызу дайындық басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайдың Харбин қаласында дәстүрлі мұз фестиваліне қызу дайындық басталды

07.12.2018

Халықаралық мереке осымен 35-ші мәрте өткелі отыр. Қазір бұл жердегі Сунгари өзенінің суы қажетті 30 сантиметр қалыңдыққа дейін қатқан. Мамандар мұздың үлкен кесектерін арнайы құрал-жабдықтармен бөліп алып жатыр. Олар 15 күнде 110 мың шаршы метр мұз кесіп алып, оларды Харбин фестивалі өтетін алаңға жібереді. Ал, мүсіншілер олардан қызықты пішіндер, ғимараттар және скульптуралар жасап, миллиондаған адам үшін үлкен фестиваль ұйымдастырады.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу