Астанада көшпелілер өркениеті фестивалі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада көшпелілер өркениеті фестивалі өтеді

25.06.2014
Астанада көшпелілер өркениеті фестивалі өтеді
Елорда күнін мерекелеу аясында 4, 5 және 6 шілдеде Астана төрінде түркі халықтарының әні әуелеп, күйі күмбірлейді. Қала тұрғындары мен қонақтары 15 елдің танымал өнерпаздары қатысатын «Астана арқау» фестивалін тамашалайды, деп хабарлайды astana.kz.
 
Дәл қазір «Хан Шатыр» СОО алдындағы алаңда «Мыңжылдықтар тоғысындағы Астана» көшпелілер өркениеті фестиваліне дайындық қызу жүруде. 60-қа жуық адам сахна құрып, қолөнер шеберлері, бүркітшілер, аңшылар, шабандоздар орналасатын орын дайындауда. Фестиваль 4-7 шілде аралығында өтеді.
 
 

 

Хабарламаларға жазылу