Украина президенті НАТО-дан Азов теңізіне кеме жіберуді сұрады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украина президенті НАТО-дан Азов теңізіне кеме жіберуді сұрады

29.11.2018

Украина президенті Петр Порошенко НАТО-дан Азов теңізіне кеме жіберуді сұрады. Ол сол кемелер аймаққа жетіп, Украинаға көмектесіп, қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, деп үміт білдірді.

Естеріңізге сала кетсек, жексенбі күні Ресей Украинаның үш кемесін атқылап, олардың экипажын тұтқындап әкетті. Ресми Мәскеудің мәлімдеуінше, олар Ресей шекарасын бұзған. Алайда, мұны Киев жоққа шығарып отыр. Оқиға Азов және Қара теңіздерінің ортасындағы Керчь бұғазында болды. Осы қақтығыстан кейін Украинада Порошенконың ұсынысымен соғыс жағдайы жарияланды. НАТО бұл мемлекетті толық қолдайтынын білдірді.

Сәрсенбі күні Кремль басшысы Владимир Путин де мәлімдеме жасап, Порошенконы 2019 жылғы президенттік сайлау алдында өз рейтингін көтеру үшін теңізде арандатушылыққа барды, деп айыптады.

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу