Афиныда жұмысшылар шеруі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Афиныда жұмысшылар шеруі өтті

29.11.2018

Демонстранттар жалақыны өсіруді, салықты төмендетуді талап еткен. Қарсылық акциясына зейнеткерлер де қосылды. Манифестанттар жолдарды жауып, қоғамдық көлік қатынасын қиындатты.

Айта кетсек, елде экономикалық дағдарыс 2010 жылы басталған-ды. Сондықтан, үкімет халықаралық кредиторлардан қарыз алып, бюджетті қатаң үнемдеді. Осыған байланысты зейнетақы мен жалақы қысқарып, салық көтерілген. Ал, премьер-министр Алексис Ципрас келесі жылы жалақыны өсіріп, зейнетақыны азайтпайтынын мәлімдеп деп отыр. Бірақ, грекиялықтар оған сенбейді. Себебі, жылдар бойы талай басшы сондай уәде берсе де, халықтың жағдайы жақсармаған.

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу