Барселонада Тәуелсіздік шеруі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Барселонада Тәуелсіздік шеруі өтті

12.09.2019

Испанияның Барселонасында каталандар ауқымды шеру өткізді. Қала көшелеріне ұлттық ту ұстап, ондаған мың адам шықты. Демонстранттар корольдіктен бөліну мен тәуелсіздік ұрандарын көтеріп, өз лидерлерін түрмеден босатуды талап етті. 

Каталонияда 2017 жылы тәуелсіздік референдумы өтіп, онда халықтың басым бөлігі жеке мемлекет құруға дауыс берді. Содан кейін Испанияның сол кездегі консервативтік үкіметі бұл плебицисттің қорытындысын заңсыз деп жариялап, аймаққа тікелей билік орнатты. Және де Каталония жетекшілері сепаратизм үшін қамауға алынды. 

Дегенмен, биыл шілдеде жүргізілген сауалнама қорытындыларына қарағанда, жергілікті тұрғындардың 44 пайызы ғана Испаниядан бөлінуге, 48 пайыздан астамы корольдік құрамында қалуға жақтас.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу