Киевте Ресей әскерилерінің Украинаның екі катеріне оқ атуына байланысты шеру өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Киевте Ресей әскерилерінің Украинаның екі катеріне оқ атуына байланысты шеру өтті

26.11.2018

Киевте 150-дей шеруші Ресей әскерилерінің Украинаның екі катеріне оқ атып, бірнеше теңізшіні жаралануына қарсы шықты. Шерушілер ел астанасындағы Ресей елшілігінің жанына жиналған. Ал, Украина президенті Петр Порошенко болған оқиғаға қатысты әскери жағдай енгізу қажеттігін алға тартып отыр.

Жексенбіде Қара теңізді Азов теңізімен жалғайтын Керчь бұғазында ресейлік шекара катері украиналық буксирді тоқтатқан. Мәскеу украиналық теңізшілерді Ресейдің аумақтық суларына кіріп, шекараны бұзды деп айыптап отыр. Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі оларды тоқтату үшін оқ атылғанын, одан үш украиналық әскери қызметкердің жараланып, оларға медициналық көмек көрсетілгенін мәлімдеді. Ал, Киевтың айтуынша, бронды екі катердің Керчь бұғазынан өтетіні алдын ала Ресей тарапына ескертілген.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу