Путин мен Ердоған «Түрік ағыны» газ құбырының теңіздегі бөлігінің тартылып бітуін атап өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Путин мен Ердоған «Түрік ағыны» газ құбырының теңіздегі бөлігінің тартылып бітуін атап өтті

20.11.2018

«Түрік ағыны» газ құбырының теңіздегі бөлігі салынып болды. Осы оқиғаға байланысты Стамбұлда Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған мен оның ресейлік әріптесі Владимир Путин кездесті. Кремль басшысының мәлімдеуінше, бұл құбыр Еуропаға көгілдір отын жеткізу жолын қауіпсіздендіреді.

Ресейдің «Газпром» компаниясы «Түрік ағыны» құбырын екі бағытта салып жатыр. Оның бірі Түркияны, екіншісі, Оңтүстік Еуропаны газбен қамтамасыз етуі керек.

Айта кетсек, Еуропа өзін қажетті газдың үштен бір бөлігін Ресейден импорттайды. Мәскеудің бұл құбырды салудағы мақсаты – «Қарт құрлыққа» газды Украинаны айналып өтетін жолмен жеткізу.

 

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу