Байден мен Путин 16 маусымда Женевада кездеседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Байден мен Путин 16 маусымда Женевада кездеседі

26.05.2021

АҚШ президенті Джо Байден мен оның ресейлік әріптесі Владимир Путин маусымның 16-да Женевада кездесетін болды. Екі лидер Мәскеудің Украинадағы әрекеттерін, оппозиционер журналист мінген ұшақ бағытының Минскке бұрылуын, пандемиямен күрес, екіжақты қатынастар, стратегиялық тұрақтылық, аймақтық жанжалдар мәселелерін талқылайды. Дегенмен, Ақ үй мәлімдегендей, Вашингтон бұл саммиттен үлкен өзгеріс күтіп отырған жоқ. Айта кетсек, жақында Байден әкімшілігі Ресейден Германияға тартылып жатқан «Солтүстік ағын-2» газ құбырының құрылысына санкция жариялаудан бас тарттты. Құрама Штаттардың мәлімдеуінше, Америка мұндай шешімді Кремль басшысымен кездесуге орай емес, Берлинмен қатынастарын бұзбау үшін қабылдаған.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу