Грекия астанасы Афины орталығында жастар шеруі полициямен қақтығысқа ұласты. Бұл демонстрация 1973 жылы қантөгіспен аяқталған маршты еске алу үшін ұйымдастырылған. Осыдан 45 жыл бұрын студенттердің биліктегі әскери хунтаға қарсы манифестациясы күшпен таратылып ондаған адам мерт болғанды. Осы жолы жастар политехникалық институттың жанына жиналып, полиция бөлімшесіне отты шөлмектер мен фейерверктер лақтырды. Ал, тәртіп сақшылары оларды тарату үшін көзді жасаурататын газды қару мен шумен әсер ететін граната қолданды. Соңғы мәліметке қарағанда, екі шеруші тұтқындалды.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ