Францияда «сары кеудешелер» шеруі полициямен қақтығысқа ұласты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Францияда «сары кеудешелер» шеруі полициямен қақтығысқа ұласты

07.01.2019

Демонстранттар қымбатшылыққа наразылық білдіріп, президент Эммануэль Макронды немқұрайлылық үшін айыптап отыр.

Қарсылық акциясы Парижде бейбіт басталған. Бірақ, кейін шерушілер Сена өзенінің үстіндегі көпірде тәртіп сақшыларына снаряд лақтырғаннан кейін үлкен қақтығыс басталды. Полиция манифестанттарды тарату үшін көзді жасаурататын газ қаруын қолданды. Жанжал кезінде ондаған адам тұтқындалған.

Францияда «Сары кеудешелер» шеруі қараша айынан бері өтіп жатыр. Содан бері оған жүздеген мың адам қатысты.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу