Үндістанда туғанына 12 күн болған нәрестеге маймыл шабуыл жасап, өлтіріп қойды. Бұл туралы «Рейтер» агенттігі хабарлап отыр. Оқиға Ранката қаласында атақты монумент «Тәж Махал» орналасқан өңірде болған. Маймыл анасы емізіп отырған жерінен баланы жұлып алып кеткен. Жануар баланың басынан ұрып, оған тас лақтырғаны белгілі болды. Қаны сорғалаған сәби ауруханаға жеткізілсе де, оны аман алып қалу мүмкін болмады. Әзірге маймылдың бұл әрекетіне не себеп болғаны жасырын қалып отыр.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.