«Интеграция» халықаралық қорының құрылғанына – 20 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Интеграция» халықаралық қорының құрылғанына – 20 жыл

08.11.2014
«Интеграция» халықаралық қорының құрылғанына – 20 жыл

Содан бері қор арқылы Қазақстанға Қытайдан 400 миллионнан астам юань инвестиция тартылған.

Бұл қомақты қаражаттың арқасында  елімізде автокөлік жасау, кірпіш шығару, нефрит өндіру зауыттары мен бірнеше балабақша салынды. 

Хэ Чэн, «Интеграция» қорының Шаньси провинциясындағы өкілі:

Қазақстанда өндірісті дамыту, неше түрлі зауыт, су, жел электр станцияларын салу керек. Ол қомақты қаражатты қажет етеді. БІз  осы мақсатта біраз инвестиция тарттық, әлі де инвестициялар көлемін бірнеше еселетпек  ойымыз бар. 

Инвестиция тартумен қатар қор өкілдігі Қытайда қазақстандық студенттерді оқытумен де айналысады.  2008 жылдан бері осы ұйым арқылы  Шаньси провинциясының сегіз оқу орнына төрт мыңнан астам қазақстандық студент түскен. Оның жиырма пайызы жергілікті мемлекеттік грантпен оқиды.

Хан Ваньчжу, «Интеграция» қорының Шаньси провинциясындағы өкілінің орынбасары:

Студенттердің көбі мұнда өз қаражатына келеді. Біз оларға оқу орнын тауып береміз, грант иеленуге көмектесеміз, үлгерімін қадағалап, қиындыққа түсіп қалса, қол үшін береміз. Бұл қызметіміз үшін бір тиын ақы алмаймыз. Ол  біздің азаматтық борышымыз. 

«Интеграция» қоры өкілінің айтуынша, қытайлықтардың қатысуымен елімізде тағы да бірнеше нысана бой көтермек. Атап айтқанда құны 150 миллион доллар тұратын құрылыс заттарын шығаратын зауыт, 50 миллион долларға бағаланған аумағы 3 мың гектар алмабақ, 10 миллион долларға 5 мың тонна көкөніс пен жеміс сақтайтын қойма,  6 миллион долларға жеміс пен көкөніс өңдейтін фабрика және құны 65 миллион доллар болатын тұрғын үй кешендері мен балабақшалар салынады. Бұл қаржының басым бөлігі Шаньси провинциясы мен қытайлық компаниядан алынады.

 

Дәурен БАУЫРЖАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу