Бүгін Ресейде болған жарылыс теракт деп танылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Ресейде болған жарылыс теракт деп танылды

31.10.2018

Бүгін Ресейде болған жарылыс теракт деп танылып, қылмыстық іс қозғалды. Оқиға Архангельск қаласының орталығындағы Федералдық қауіпсіздік қызметі басқармасының ғимаратында болған. Ведомствоның мәліметіне сай, қолдан жасалған жарылғыш затты 17 жастағы бозбала мекемеге алып өтіп, іске қосып, өзі оқиға орнында қаза тапты. Бомба жасөспірімнің қолында жарылған.

Ол қаладағы политехникалық техникумда оқыған. Жарылыстан Федералдық қауіпсіздік қызметінің үш қызметкері жараланды. Қазір студенттің мұндай әрекетке неліктен барғаны анықталып жатыр.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу