Индонезияда жолаушылар ұшағы теңізге құлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Индонезияда жолаушылар ұшағы теңізге құлады

29.10.2018

Индонезияда апатқа ұшыраған жолаушылар «Боингінің» бортында қазақстандықтар жоқ. Мұны бүгін еліміздің Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.

Таңертең «ЛайнЭйр» компаниясының ұшағы Джакарта әуежайынан аспанға көтеріліп, 13 минуттан кейін теңізге құлады. Лайнер бортында барлығы 189 адам болған. Олардың үшеуі - бала, екеуі ұшқыш, бесеуі - жолсерік.  

Апаттан кейін дереу іздеу-құтқару операциясы басталды. Индонезияның төтенше жағдайлар агенттігі ұшақтың ірі бөлшектері мен жолаушылардың жеке заттарының суреттерін «Твиттерде» жариялады.

Ява аралының батыс жағалауына құлаған лайнердің «қара жәшіктері» іздестіріліп жатыр.

«ЛайнЭйр» әуе компаниясы - Индонезияның ірі бюджеттік тасымалдаушысы. Халықаралық авиакомпаниялардың қауіпсіздігі рейтингінде ол соңғы орындардың бірінде тұр.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу