«ДАИШ» тобы Сирияның Дей-әз-Зор провинциясында 700-ден астам адамды кепілдікке алды. Қарулы ұйым АҚШ бастаған коалициялық күштер әрекет етіп жатқан аудандағы босқындар лагеріне шабуыл жасаған.
Кепілге түскендердің арасында Батыс Еуропа елдерінің азаматтары да бар. Мұны ТАСС агенттігі хабарлады. Оның мәліметінше, экстремистер адамдарды босату үшін оппозициялық Сирия демократиялық күштерінен «ДАИШ»-тың тұтқындағы мүшелерін түрмеден босатуды және Ефрат өзені бойындағы бірқатар территорияларды өзіне беруді талап етіп отыр.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.