БҰҰ қауіпсіздік кеңесі Газадағы қақтығысты тоқтатуға шақыратын қарар қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҰҰ қауіпсіздік кеңесі Газадағы қақтығысты тоқтатуға шақыратын қарар қабылдады

26.03.2024

Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі Газа секторындағы атысты дереу тоқтатуға шақыратын қарар қабылдады. Резолюцияны кеңестегі 14 ел қолдап дауыс берсе, АҚШ қалыс қалған. Осылайша, бұл әлемдік орган алғаш рет Израильден соғысты тоқтатуды талап етіп отыр.

Қазанның 7-де Хамас жасақтары Израильдің оңтүстігіне шабуыл жасап, 1200-дей адамды мерт қылып, жүздегенін кепілдікке алды. Содан кейін Израиль армиясы палестиналық анклавта кек алу операциясын бастады. Бүгінге дейін 32 мыңнан астам адам қаза тапқан. Оның көбі – әйелдер мен балалар.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу