Германияның Кельн қаласындағы вокзалда әлдекім бір адамды кепілге алды. Оқиға қаланың Бреслауэр алаңы маңында болып жатыр. «Билд» басылымының хабарлауынша, вокзалдағы дәріханада бір ер адам бір әйелді кепілде ұстап отыр. Қазір автоматтармен қаруланған полиция вокзалды жауып, оның маңындағы аумақты қоршауға алған. Ал, жолаушылар ғимараттан шығарылып, қауіпсіз жерге көшірілді. Соңғы деректерге сай, кепілге алушы әзірге ешқандай талап қойған жоқ.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ