Португалияның солтүстігі мен орталығына дүлей дауыл соққы берді. Апат салдарынан 27 адам түрлі жарақаттармен ауруханаға түскен. Дауыл әсіресе, ел астанасы Лиссабонға жақын аймақтарға ауыр тиді. Екпінді жел сағатына 176 шақырымға жетіп, салдарынан электр сымдары үзіліп, ағаштар құлап, жолдарда көлік қатынасы тежелді.
Соңғы деректерге қарағанда, 300 мың үйде жарық сөнген. Ауа райының қолайсызыдығынан әуежай жұмыстары да қиындап, рейстер кейінге қалып жатыр. Полицияның келтірген деректері бойынша, 1900-дей жол апаты тіркеліпті. Құтқару, қалыпқа келтіру жұмыстарына жүздеген адам жұмылдырылды. Қазір дауыл Испанияның солтүстігіне де жетті деген ақпарат бар.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ