Босния мен Герцеговинадағы мұнай өңдеу зауытында жарылыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Босния мен Герцеговинадағы мұнай өңдеу зауытында жарылыс болды

10.10.2018

Босния мен Герцеговинаның Брод қаласындағы мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдай. Кәсіпорында жарылыс болып, іле-шала өрт тұтанған. Жергілікті дәрігерлердің дерегінше, 8 адам жараланып, ауруханаға түскен. Жапа шеккендер - осы зауыттың жұмысшылары. Өрт сөндірушілер жалынның тарауын тоқтатты. Әзірге, жарылысқа не себеп болғаны белгісіз.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу