«Қазмұнайгаз» компаниясының жанармай станциялары бензинді шектеусіз сата бастады

23.10.2014
«Қазмұнайгаз» компаниясының жанармай станциялары бензинді шектеусіз сата бастады

Бірінші себеп, компания қазан айында Қазақстанға 106,7 мың тонна бензин әкеледі екен. Оның ішінде 88 мыңға жуығы Ресейден тасымалданады. Бұл туралы келісім де жасалған.

Қазір Ресей мен өзге елдердегі мұнай өңдеу зауыттарынан елімізге тәулігіне 3 мың тонна бензин жеткізіліп жатыр.

Екінші себеп, Қазақстандағы үш мұнай өңдеу зауытында өңдеу мен мұнай өнімдерін өндіру көлемі артатын болды.

Жартыжылдықта отандық зауыттар 11 миллион тоннаға жуық мұнай өндіріпті.

 

Саламат ОМАШ

Хабарламаларға жазылу