АҚШ-тың Чикаго қаласында 44 мың адам қатысқан марафон өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың Чикаго қаласында 44 мың адам қатысқан марафон өтті

09.10.2018

Олардың арасында жергілікті тұрғындармен қатар, 120  мемлекет пен аймақтан келген адамдар бар. Марафоншылардың арасында мүмкіндігі шектеулі жандарға да арбалармен жүруіне бөлек жолақ ұйымдастырылған. Осы жылы қатысқан қытайлықтардың саны 2,149-ға жетті. Қытай азаматы - Лу Йонгканг жарыста жеңіске қол жеткізді. Өз бабындағы марафоншы алдына «қайтcем де жеңемін» деген мақсат қойыпты. Лу осындай жарыстарға 2,5 жылдан бері қатысып келеді екен. «Марафонның ең үлкен пайдасы денсаулыққа өте жақсы», - дейді ол. Екінші орынды британдық Мо Фара алса, үшінші орынға кениялық Бриджит Косгей қол жеткізді.

Айта кетейік, Чикагода алғашқы марафон 1977 жылы өткізілген. Бұл әлем бойынша ең атақты жарыстардың бірі. Былтыр одан түскен пайда 338 миллион долларды құрады.

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу