Әлемдегі бойы ұзын адамдар (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемдегі бойы ұзын адамдар (ВИДЕО)

13.08.2014
Әлемдегі бойы ұзын адамдар (ВИДЕО)

Әлемдегі бойы ұзын адамдардың бірі Украинада тұрады. 1971 жылы дүниеге келген Леонид Стадниктің бойы - 2 метр 53 сантиметр. Салмағы 200 келі болатын ол өз еліндегі танымал адамдардың бірі.

Оған украиналық кәсіпкерлер  киімді тапсырыспен тіккізіп, материалдық жәрдем  көрсетіп отырады.

Еңсегей  бойлы адамдардың қатарында түркиялық Сұлтан Косен де бар. 30 жастағы Сұлтанның бойы - 2 метр 47 сантиметр.

Әлемдегі  ең биік әйел – америкалық Сандра Элен Аллен. Бойы – 2 метр 32 сантиметр. 1955 жылы АҚШ-тың Чикаго қаласында туған ол  қазір Индиана штатының тұрғыны.

Ал, әлемдегі ең жас бойы ұзын адам кім? «Таңшолпанның» сюжетінен тамашалаңыздар.

Хабарламаларға жазылу