Италияның Тоскана қаласында екі күн бойы орман өрті өршіп, 500-ге жуық адам қауіпсіз жерлерге көшіріліп жатыр. Халықаралық агенттіктердің хабарлауынша, тілсіз жау, әсіресе, Тоскана аймағында күшейіп келеді. Жергілікті әуежай жұмысын уақытша тоқтатып, ондаған рейс кейінге қалды. Соңғы деректер бойынша лапылдаған от Серра тауының бөктерінде басталып, екпінді жел кесірінен жан-жағын тез шарпыған.
Лапылдаған жалын 6 елді мекенге қауіпке душар етіп, адамдар жаппай үйлерін тастап кетуге мәжбүр. Қазір өрт туристер көптеп баратын Пиза қаласына қатер төндіріп тұр.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.