АҚШ-та орман өртінен 2 мыңға жуық адам эвакуацияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та орман өртінен 2 мыңға жуық адам эвакуацияланды

25.10.2019

АҚШ-тың Калифорния штатында орман өрті қаулап, 2 мыңға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді. Соңғы мәліметке қарағанда, тілсіз жау мыңдаған гектар жасыл желекті жалмаған. Былтыр мұнда осындай апаттан 100-ге жуық адам қаза тапқан еді. 

Жалынның тіпті өршіп, жан-жағын тез шарпуына ұйытқыған жел көмектесіп жатыр. Қауіп күшейгендіктен, жеті елді мекен мен қалада 300 мыңнан астам клиентке жарық беру тоқтатылуы мүмкін. Солардың ішінде Лос-Анджелес пен Бернардино бар. Тағы 15 округте 180 мыңдай үй электр жүйесінен ажыратылды.

Жергілікті басшылықтың мәлімдеуінше, өртті сөндіруге жүздеген маман жіберілді.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу