Жаңа Зеландия премьері БҰҰ-ға сәбиімен барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа Зеландия премьері БҰҰ-ға сәбиімен барды

25.09.2018

Жаңа Зеландия премьер-министрі Джасинда Ардерн Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының сессиясына нәрестесімен барды. Қазір әлем ақпарат құралдары оның 3-айлық сәбиі Неве Те Ароханы «Жаңа Зеландияның бірінші бөбегі» деп атап отыр.

Әкесі Кларк Гайорд осы баланы бағу үшін декреттік демалысқа шыққан. Сондықтан ол да жұбайымен Нью-Йоркке барды.

38 жастағы Ардерн - билікте отырып, өмірге ұрпақ әкелген екінші мемлекет лидері. Бұған дейін, яғни, 1990 жылы Пәкістанда Беназир Бхутто да премьер-министр бола жүріп, босанғаны белгілі.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу