Танзанияда паром құрдымға кеткенде қаза тапқандардың саны 100-ге жетті. Су көлігі Виктория көлінде аударылған. Құрбандар көбейіп, 200-ден асып түсуі мүмкін.
100 жолаушыға шақталған кемеде 400-ден астам адам болса керек. Олардың барлығы борттың бір жағына жиналған кезде кеме соның күшімен аударылған.
Судан 40 адам құтқарылды. Қазір олардың барлығының жағдайы ауыр. Нақты қанша адамның жапа шеккені, жан тәсілім еткені немесе құтқарылғаны туралы мәлімет кейін жария етіледі.
Айта кетсек, дәл осы Виктория көлінде 1996 жылы кеме аударылып, 800 адам опат болған еді.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.