Малайзияның экс-премьері Нәджиб Разақ Куала-Лумпур сотына жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Малайзияның экс-премьері Нәджиб Разақ Куала-Лумпур сотына жеткізілді

20.09.2018

Малайзияның экс-премьері Нәджиб Разақ Куала-Лумпур сотына жеткізілді. Оған тағы 21 айып тағылуы мүмкін. Жоғарғы сот бұрынғы үкімет басшысын «1Malaysian Development Berhad» қорынан түскен 681 миллион АҚШ долларын жымқырды деп айыптап отыр.

Жергілікті полицияның бас инспекциясы өкілінің мәлімдеуінше, Разақ заңсыз ақшаның ізін  жасыру үшін оны басқа жалған шоттарға жіберіп отырған. Экс-премьер болса, кінәсін мойындамай, тағылған айыптарға дәлел жоқ деп мәлімдеді.

Естеріңізге салсақ, Разақ 2009 жылы 1МDB қорының негізін қалаған. Қазір заңсыз ақша аударумен күресу органдары бұл қордың жұмысын тексеріп, бұрынғы премьерге қатысты іс қозғап отыр.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу