Солтүстік Ирландия мен Шотландияға «Әли» дауылы соққы берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Ирландия мен Шотландияға «Әли» дауылы соққы берді

20.09.2018

Солтүстік Ирландия мен Шотландияға алапат «Әли» дауылы соққы берді. Күшті жел кезінде екі адам мерт болған. Табиғи апат Солтүстік Ирландияға орасан шығын келтірді. 200 мың адам электр жарығынсыз қалып, 50-ден астам ұшақ рейсі доғарылды. Бұл жерде желдің жылдамдығы сағатына 140 метрге жеткен. Ал, Шотландияда круиздік лайнерде болған адамдар құтқарылды. Билік Солтүстік Ирландия, Шотландиямен бірге Англияның солтүстігінде дауылға қатысты ескерту жасаған.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу