Швейцарияда қар азайып бара жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Швейцарияда қар азайып бара жатыр

17.09.2018

Бұл құбылыс осы елде 1995 жылдан бастап 2017 жылға дейін жүргізілген спутниктік суреттер арқылы анықталған. Зерттеуді Женева университетінің Қоршаған орта жөніндегі ғылыми институтының мамандарды жүргізді. Оған сүйенсек, 100 пайыз мәңгілік қар басқан аумақтардың 2100 шаршы шақырымы ақ ұлпасыз қалған. Ал, қары аз, тіпті мүлдем болмаған жерлерде ақ ұлпа көлемі 5 мың шаршы шақырымға ұлғайған екен. Мұны ғалымдар климаттың өзгеруімен байланыстырып отыр. Ал, қардың азаюы туристерді көптеп тартатын шаңғы индустриясына кері әсерін тигізуі мүмкін.  

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу