Президент кортежі апатқа ұшырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент кортежі апатқа ұшырады

10.09.2018

Молдова президенті отырған көлік жексенбіде тас жолда апатқа ұшырады. Игорь Додон мен оның отбасы мүшелері отырған «Мерседес» көлігі Кишиневтен 50 шақырым жерде аударылған.

Бастапқыда, мемлекет басшысы ауруханаға түсті деген ақпарат тараған еді. Алайда, алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін Игорь Додон ауруханадан шығарылған.

Президентпен бірге оның анасы мен ұлы да жапа шекті. Олардың да жағдайы жақсы. Алдын ала мәліметтерге сай, президент кортежіне қарсы бағытта келе жатқан жүк көлігі соқтығысқан. Апатқа жауын кезінде жолдың тайғақ болуы себеп болса керек.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «QКартеж президента попал в аварию в Молдовеazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу