АҚШ-тың «Amazon» компаниясының капиталы 1 триллион долларға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың «Amazon» компаниясының капиталы 1 триллион долларға жетті

05.09.2018

АҚШ-тың әйгілі «Amazon» интернет-сауда компаниясының капиталы 1 триллион долларға жетті. «Nasdaq» биржасының соңғы көрсеткіштері бойынша, оның акциясы 1,8 пайызға өсіп, 2050,5 долларға дейін көтерілген. Ал жыл басынан бері «Amazon»-ның құнды қағаздар котировкасы 75 пайызға өсіпті. Осылайша, бұл компания АҚШ тарихындағы капиталы 1 триллион доллардан асқан «Apple»-дан кейінгі екінші фирма атанып отыр.

Қыруар табыс табу үшін «Apple»-ге 38 жыл керек болса, «Amazon» бұған 21 жылда қол жеткізіпті.

«Amazon» капитализациясының қарқынды өсуіне соңғы кездері онлайн-порталдарда  сауда жасау жүйесінің жетілуі және инвесторлардың қызығушылығы себеп болып отыр.

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.                                                

Хабарламаларға жазылу