АҚШ-тың мемлекеттік қарызы 31 триллион долларға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың мемлекеттік қарызы 31 триллион долларға жетті

06.10.2022

Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қарызы алғаш рет 31 триллион доллардан асты. Бұл соманы әр америкалық азаматқа бөлер болсақ, 93 мың доллардан келеді. Кейбір экономистердің пікірінше ұлттық қарыз мәселесі - қос партияның жауапсыздығының нәтижесі. Соңғы ондаған жылда Вашингтондағы саясаткерлер бірнеше мәрте салықты азайтып, мемлекеттік шығындар бағдарламасын алға тартқан. Бұл ретте Американың болашағын ешкім ойлаған жоқ деген пікірлер айтылып жатыр. Сонымен бірге АҚШ триллиондаған қарызын өтей алмаса, оның салдары тіптен ауыр болып, халықаралық қаржы дағдарысына әкелуі мүмкін.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу