Пол Манафортқа 8 айып тағылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пол Манафортқа 8 айып тағылды

22.08.2018

АҚШ соты Дональд Трамптың сайлау штабының бұрынғы басшысы және политтехнологы Пол Манафортты 18 пунктің сегізі бойынша айыпты деп тапты. Солардың ішінде банктің алаяқтық, салықтан жалтару, шетелдегі есепшотын жасыру туралы баптар бар.

Соттың мәлімдеуінше, Манафорт Украинаның ресейшіл экс-президенті Виктор Янукович пен оның «Аймақтар» партиясына кеңес беруден түскен 15 миллион доллардан салық төлемеген. Ал, былтыр арнайы прокурор Роберт Мюллер Манафортқа Ресейдің АҚШ-та өткен президенттік сайлауға араласу мүмкіндігін тергеу аясында айып тақты.

Жалпы алғанда, қылмыстары толық дәлелденсе, Манафорт 305 жылға сотталуы ықтимал деген болжам бар.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу