Израиль премьеріне айып тағылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израиль премьеріне айып тағылды

22.11.2019

Израильдің коррупция үшін айыпталған премьер-министрі Биньямин Нетаньяху отставкаға кетпейтінін ескертті. Оның мәлімдеуінше, бұл кінәнің астарында «төңкеріс» әрекеті жатыр. Айта кетсек, Израиль тарихында қызметтегі үкімет басшысы алғаш рет істі болып отыр.

Нетаньяхуға парламенттен қылмыстық тергеуден қорғайтын иммунитет алуға 30 күн берілді. Егер Кнессет оның бұл туралы өтінішін қабылдамаса, 70 жастағы премьерге қатысты тергеу басталады. 

Нетаньяху голливудтық магнаттан жүздеген мың доллардың сыйлығын алды, «Соңғы жаңалықтар» газетін үкіметтің жұмысын ылғи жағымды етіп жазуға үгіттеді, пара алды, қызметін асыра пайдаланды, алаяқтыққа барды деген күдікке ілінді.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу