Оңтүстік Кореяда BMW компаниясына қарсы тергеу басталды. Жыл басынан бері бұл елде дизель отынымен жүретін BMW көліктері двигателінің өздігінен жанып кетуіне қатысты 28 факті тіркелген. Компания клиенттері одан 4 мың еуродан астам айыппұл төлеуді талап етіп жатыр. Автомобильдері кез келген уақытта жанып кетуі мүмкін деген қауіппен кейбіреулер рөлге отыруға қорқып қалған. Айта кетсек, өткен аптада BMW компаниясы дизель отынымен жүретін 106 мыңнан астам көлігін тамыздың 20-нан бастап зауытқа қайтаратынын мәлімдеді. Ақау 2011 жылдың наурызынан бастап 2016 жылдың қарашасына дейінгі аралықта шығарылған дизельдік автомобильдерден табылған. Пайдаланылған газдың қайта айналу жүйесіндегі ақауға орай, бұл машиналардың двигателінде өрт тұтану қаупі бар. Қазір BMW компаниясы мұндай проблемалардың өзге де елдерге сатылған көліктерде бар-жоғын анықтап жатыр.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.