Колумбия Венесуэладан барған 440 мың мигрантқа уақытша тұруға рұқсат берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Колумбия Венесуэладан барған 440 мың мигрантқа уақытша тұруға рұқсат берді

03.08.2018

Колумбия Венесуэладан барған 440 мың мигрантқа осы елде уақытша тұруға рұқсат берді. Екі жыл бойы бұл азаматтар Колумбиядағы әлеуметтік қызмет көрсетулерге қол жеткізеді. 

Жарты миллионға жуық венесуэлалық өз елдеріндегі жоқшылық, инфляциядан шаршап, көршілес мемлекетте жаңа өмір бастаудан үмітті. Түрлі қиындықтарға душар болған шетелдіктерге Колумбия билігі қонақжайлылық танытып, оларға қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді. Жақында жарық көрген санаққа сүйенсек, Венесуэланың экс-президенті Уго Чавес пен қазіргі мемлекет басшысы Николас Мадуро тұсында осы елден 4 миллиондай адам қоныс аударған.    

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу