Ауғанстанның  Фарах провинциясында бомба жарылып, 11 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауғанстанның  Фарах провинциясында бомба жарылып, 11 адам қаза тапты

31.07.2018

Ауғанстанның батысындағы Фарах провинциясында автобус өтіп бара жатқан жолда жойқын жарылыс болды. Соңғы мәліметке қарағанда, 11 адам қаза тауып, 30-дан астамы жараланған. Оқиға Герат қаласы мен Гельманд провинциясы арасындағы тас жолдың бойында болды. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, биылғы бірінші жартыжылдықта Ауғанстанда жол бойына қойылған бомбалардан мыңнан астам адам қаза тапқан немесе жараланған.

Ал, Жалалабад қаласында қарулы топ дүкендер мен мемлекеттік мекемелерге шабуыл жасады. Соңғы мәліметке қарағанда, содырлар оқ атып, бірнеше бомба жарған. Дегенмен, қаза тапқан немесе жараланғандар туралы әзірге мәлімет жоқ.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу