Афина қаласында өрттен 50 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Афина қаласында өрттен 50 адам қаза тапты

24.07.2018

Грекия астанасы Афина айналасында төтенше жағдай жарияланды. Мұнда орман өртінен кемінде 50 адам қаза тауып, 150-ден астамы жараланған. Үкімет өкілдерінің сөзінше, зардап шеккендердің көбінің халі мүшкіл.

Тілсіз жау бақылаудан шығып, ел астанасына үш жақтан жақындап қалған. Онымен күреске 600-дей маман мен 300-дей техника тартылды.

Өртті сөндіруге күшті жел кедергі келтіріп жатыр. Грекия билігі жасыл желектерді жалмап бара жатқан жалынды тоқтату үшін ЕуроОдақтан көмек сұрады.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу