Қытайдың Хайнань провинциясына тропикалық дауыл соққы берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайдың Хайнань провинциясына тропикалық дауыл соққы берді

18.07.2018

«Шаньшэнь» атты тайфун өзімен бірге күшті жел мен нөсер жауын әкелген. Оның эпицентрінде желдің жылдамдығы сағатына 82 километрге жетті. Сондықтан, кемемен Гуандун провинциясына жіберілетін 1400-дей жүк көлігі сапарға аттанбайтын болды.

Қытайдың орталық телеарнасының хабарлауынша, көшелерді су басып, ағаштар құлаған. Осыған байланысты, Хайнань аралында сақтық шаралары күшейтіліп, туристік нысандар уақытша жабылып, жергілікті саяжайларға баруға тыйым салынып отыр.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу