Тайваньда тайфун кезінде 190 адам жараланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тайваньда тайфун кезінде 190 адам жараланды

05.10.2023

Тайванның оңтүстігінен «Койну» тайфуны өткенде жағалаудағы елді мекендерде дауыл соғып, жауын құйды. Одан ағаштар құлап, автомашиналар жол шетіне шығып, жарнама баннерлері ұшып кеткен. Және де кейбір ғимараттар жеңіл-желпі зақымданды.

Соңғы мәліметке қарағанда, 190 адам жараланған. Қаза тапқандар туралы ақпарат түскен жоқ.

Жапон тілінен аударғанда «күшік» деген мағынаны білдіретін «Койну» Тайванның Хэнчун түбегіне сағатына 252 шақырым жылдамдықпен жетіпті. Қазір ол біршама әлсіреп, Қытайдың Гуандун провинциясына тропикалық дауыл дәрежесінде беттеп барады.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу