Прага хирургтары инсультке шалдығу қаупі бар науқастарды емдеудің жаңа тәсілін ұсынып отыр. Дәрігерлердің мәлімдеуінше, мойын күретамырына имплантат енгізу арқылы жоғары қан қысымы, жүйесіз жүрек соғысы бар адамдардың жағдайын жеңілдетуге болады. Бұл аурулар қанның ұюына және ол миға енген жағдайда инсультке апаруы мүмкін. Соған жол бермеу үшін хирургтер ұйқы күретамырына робот арқылы басқарылатын сым енгізу арқылы ұйыған қанды ұстап алып, сүзгіден өткізеді. 20 секундқа созылатын процедура ми қан айналымын жақсартуға көмектеседі.
Жүрек ауруларына шалдығу жағдайлары әлем бойынша жиілеп кеткен. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, 2016 жылдың өзінде инсульттен 6 миллионға жуық адам қайтыс болған.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.