Пәкістанда коррупция үшін 10 жылға сотталған экс-премьер Наваз Шариф Лондоннан еліне оралып жатыр. Туған жерінде оны түрме күтіп тұр. Шариф пен оның қызы Мәриям әуежайға жетісімен тұтқындалмақ.
Экс-премьер өз отбасымен Лондонда төрт бірдей қымбат баспана иеленді деп айыпталып отыр. Бірақ, Шариф мұны мойындамастан, өзіне қарсы іс әдейі ұйымдастырылды деп мәлімдеді.
Бұрынғы үкіметі басшысын әуежайда мыңдаған жақтасы күтіп алмақ. Кей мәліметтерге қарағанда, саясаттан шеттетілгенімен, Наваз Шариф Пәкістанда, әсіресе, халық көп тұратын Пенджаб провинциясында ең танымал саясаткер деген имиджін сақтап қалған.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.