Норвегияда электр қуатымен ұшатын ұшақ сынақтан өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Норвегияда электр қуатымен ұшатын ұшақ сынақтан өтті

20.06.2018

Норвегияда электр қуатымен ұшатын шағын аэроплан Осло әуежайында сынақтан сәтті өтті. Екі орындық ұшаққа бірінші болып Көлік министрі мен жергілікті әуежайлардың көпшілігін басқаратын мемлекеттік Avinor компаниясының президенті мінген. 

Үкімет жеті жылдан кейін осындай жеңіл электрұшақтарды ел ішінде жолаушы тасымалдауға пайдалануды көздеп отыр. Жоспар бойынша мұндай әуе көліктері жүз адамға арналады. Ал, 2040 жылға қарай Норвегия азаматтық авиациясы авиакеросиннен бас тартып, электр қуатына толық көшпек.

Қазір бұл мемлекет электромобиль сатып алудан әлемде көш бастап тұр. Мысалы, бес миллион тұрғыны бар елде 200 мыңнан астам адам таза энергиямен қозғалатын көлікке ие екен.

 

Мадина РАХЫМБЕК 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу