Трамп коммюникеге қол қоюдан бас тартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Трамп коммюникеге қол қоюдан бас тартты

11.06.2018

Канаданың Квебегінде «Үлкен жетілік» саммиті аяқталды. Дегенмен, АҚШ-тың ұстанымы алқалы жиыннан кейін дипломатиялық дау тудырған. Президент Дональд Трамп қорытынды коммюникеге қол қоюдан бас тартып, саммиттен кетіп қалды. Бұл құжат арқылы тараптар халықаралық саудаға қатысты өзара келіспеушіліктері реттеуге үміттеніп еді.

Трамптың болат пен алюминий импортына тарифтерді өсіру туралы шешімі Еуроодақ, Канада мен Мексиканың көңілінен шықпады. Канада премьері Джастин Трюдо шілденің 1-нен бастап бұған қарсы шаралар қабылдайтынын мәлімдеді. Бұған жауап ретінде Трамп «Твиттерге» автомобильге салынатын салықты өсіру жағын қарастыратынын жазған. 

Сонымен бірге, Трамп пен оның екі көмекшісі Канада премьер-министрі Джастин Трюдоны «әділетсіз дипломатиямен» айналысып жүр деп мәлімдеді. Франция президенті Эммануэль Макрон болса, халықаралық ынтымақ көңіл-күйдің құбылуына тәуелді болмауы тиіс деп мәлімдеді.    

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу